A+ A A-

talgatzhan 30 23-09-2025, 16:45 0

Өскемендегі онкологиялық орталықта әйелдерге арналған Ашық есік күні өтеді

Бүгін / Өскемен

27 қыркүйек сағат 09:00-13:00 аралығында ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онкологтар жатыр мойны мен жатыр ісігі, аналық без обыры мен басқа да гинекологиялық қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау және алдын алу мәселелеріне назар аудармақ. 

Келушілер учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз мамандардан тегін кеңес алып, тексеруден өте алады. Тек жеке куәлігікті алып келу керек. 

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1 корпус (дәрігерлік амбулатория). 

Телефондар: 8-778-003-78-45, 8 (7232) 48-91-51.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив