ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 қазанына дейін жалғасатынын еске салады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салық автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мәліметтері негізінде есептеліп, меншік иелеріне push-хабарламалар, e-Salyq Azamat, eGov mobile арқылы жеткізіледі.
Салықты төлемеген жағдайда 2 қазаннан бастап қарыз туралы хабарлама жіберіледі. Қарыз көлемі 1 АЕК-тен асса, жеке сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндіру басталады. Бұдан бөлек, банк шоттары бұғатталып, елден шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Салықты e-Salyq Azamat, eGov.kz порталы, банктердің мобильді қосымшалары, банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.
Пікірлер