A+ A A-

talgatzhan 8 24-09-2025, 10:30 0

ШҚО-да биыл полицейлердің қызметін қамтамасыз етуге 1,2 млрд теңге бөлінді

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаймен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тараптар заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі шараларды талқылады. 
Өңір басшысы облыста заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Биыл облыстық бюджеттен полиция департаментінің қызметін қамтамасыз етуге 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат материалдық-техникалық базаны жақсартуға және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. 
Басым бағыттардың бірі - бейнебақылау жүйесін жаңғырту. Өңірде 1 900 жаңа сандық камера орнатылған, оның 300-і бейнеаналитика модульдерімен жабдықталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив