Оқиға Ұлан ауданына қарасты Привольное ауылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күшікті алдымен мотоциклге байлап, жол бойымен сүйреткен. Кейін оны ауыл тұрғындарының көзінше балтамен шауып өлтірген.
Күшік иесінің айтуынша, қылмысты жасаған адамның жеке тұлғасы әзірге ресми түрде анықталмады. Алайда ауыл тұрғындары күдіктінің кім екенін біледі.
ШҚО Полиция департаменті Ұлан аудандық полиция бөліміне жануарға қатыгездік көрсету фактісінің тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына сәйкес жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездік әрекеттер үшін 200 АЕК дейін айыппұл немесе елу тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.
Пікірлер