ШҚО-да тәртіп сақшылары шаруа қожалықтарын тексереді
Бүгін / ШҚО
24-26 қыркүйек аралығында облыс аумағында жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның басты мақсаты — адамдардың заңсыз қанау құрбандарына айналуына жол бермеу, шаруа қожалықтарындағы мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау және жолын кесу, жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осы орайда полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, шаруа қожалықтарында рейд жүргізеді.
Пікірлер