A+ A A-

talgatzhan 30 24-09-2025, 11:45 0

ШҚО-да 4000-нан астам қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды

Бүгін / ШҚО

Былтыр Қазақстанда жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырының қоздырғышы – адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау науқаны басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, осы жылдың басынан бері 4 мыңнан астам қызға екпе салынды.

Жатыр мойнының қатерлі ісігі әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар бойынша екінші орында тұр. Қазақстанда жыл сайын 1900-ге жуық факті тіркеліп, 600-ге жуық әйел қайтыс болуда.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін 11 жастан бастап қыздарға вакцинация енгізілді.

— Қазіргі таңда жатыр мойны обырының алдын алудың негізгі әдісі – екпе. “Гардасил” препараты қатерлі ісіктердің дамуына себепші болатын вирустың 6, 11, 16, 18 түрлерінен қорғайды, - деді ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы онкогинекология және маммология бөлімінің меңгерушісі Серік Мұхамеджанов.

Мамандардың айтуынша, вакцинадан соң кері әсері байқалмады. Екпе ата-анасының келісімімен тегін салынады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив