ШҚО әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» жастар сыйлығына 10 қазанға дейін өтінім қабылданады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үміткерлер келесі номинациялар бойынша бағын сынай алады:
Жыл көшбасшысы;
Жыл волонтері;
Еңбек адамы;
Үздік жас digital;
Жылдың жастар ұйымы.
Құжаттар 10 қазанға дейін М.Горький көшесі48 (206 кеңсе) мекенжайы бойынша қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (775) 172-89-87 нөміріне хабарласуға болады.
Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.
Пікірлер