A+ A A-

talgatzhan 31 24-09-2025, 14:00 0

Енді Қазақстанда 157 мың теңге айыппұл төлейтіндер көбейеді

Бүгін / Республика

Бұдан былай жылдамдықты сағатына 60 шақырым қашықтықтан асырған көлік иелері 157 мың теңге төлеуге мәжбүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  inbusiness.kzсайтына сілтеме жасап.

Бір ескерер жайт, 1 жылдың аралығында заңбұзушылық қайталанатын болса, аталған сома екі есеге дейін көбейеді. Жаңа норма камералар арасындағы орташа жылдамдық бойынша есепке алынады. Демек, бір "Сергектен" екіншісіне дейін белгіленген жылдамдықты асырмау керек. Жаңа заңда қарсы жолаққа шыққандарға да жаза күшейе түскен. 

Осылайша, аталған жол ережесін бұзған адам 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Егер бұл әрекет жол апатына ұшыратса, көлемді айыппұл немесе 9 айға куәліктен айыру жазасы да қарастырылып отыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив