A+ A A-

talgatzhan 24 24-09-2025, 15:30 0

Елімізде жылыту маусымына дайындық аяқталу кезеңінде — Энергетика министрлігі

Бүгін / Республика

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жоспарға сай аяқталуға жақын. Бұл туралы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ерболұлы Ертаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіKAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Павлодар облысында жылыту маусымы басталған. Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында жылыту маусымының басталуы күтіліп отыр. Қалған өңірлерде жылыту жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіледі.

— 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес, 10 энергоблокты, 63 қазандықты және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 энергоблок, 29 қазандық және 16 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 4 энергоблокта, 31 қазандық және 20 турбинада жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Ертаев.

Сонымен қатар спикер өз сөзінде электр желілері бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жыл соңына дейін 17 мың шақырым электр желісі мен 420 қосалқы станцияны жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта бұл жұмыстардың 89 пайызы — 16 мың шақырым желіде, ал 94 пайызы — 373 қосалқы станцияда орындалған.

— Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар Комитеттің аумақтық департаменттері апта сайын кәсіпорындарға барып, жөндеу жұмыстарының барысын бақылап отыр, — деп толықтырды комитет төрағасы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив