ШҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Жол активтерінің сапасы орталығының өкілдерімен өңірдегі жол желісінің жағдайына жоспарлы күзгі тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол белгілері мен таңбаларының жарық қайтарғыш қасиеті, қоршауларда жарық шағылыстырғыш катафоттардың болуы және жарамдылығы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарының дұрыс орнатылуына назар аударылуда.
Бүгінге дейін жол белгілерінің көрінуіне және жол жамылғысының сапасына әсер ететін 120-дан астам ақау анықталды. Жол иелеріне 80-ге жуық нұсқама беріліп, жол ұйымдарының 8 басшысы жауапкершілікке тартылды. Полицейлер 40-тан астам апаттық-қауіпті учаскені жою бойынша ұсыныстар дайындады.
Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
Пікірлер