A+ A A-

talgatzhan 30 24-09-2025, 16:45 0

Шаурмадан iPhone шықты: Өскемендегі тергеу изоляторына ер адам телефон кіргізбек болды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Облыс орталығында 29 жастағы ер адам тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбек болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, ол сәлемдеме ретінде әкелген шаурманың сыртқы түрі мен салмағы инспекторлардың күдігін тудырған.
Тексеру кезінде ер адамға: «Шаурмада ет көп пе?» – деген сұрақ қойылғанда, ол әзілдеп: «Иә, бәрі шын жүректен» деп жауап береді. Бірақ шаурманың ішінен ет емес, полиэтиленге оралған екі iPhone табылды.
Аталған жағдай бойынша іс материалдары сотқа жолданды.
Осы ретте ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері қатаң жазаланатынын ескертеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив