Артезиандық ауызсу өндірумен айналыстын бұл компания аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановқа өңірде жүзеге асырылатын инвестициялық бастамаларын таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір олар су электр станциясы мен жоғары қоспаланған болат өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл жобалар аймақтың өндірістік әлеуетін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға және металлургия саласына заманауи технологияларды енгізуге сеп болады.
Облыс әкімі жаңа өндірістің іске қосылуы жұмыс орындарын ашуға және облыс экономикасын дамытуға серпін беретінін атап өтті.
Айта кету керек, MIGLIOR бренді кезінде Дінмұхамед Қонаевтың бастамасымен ашылған артезиан бұлағының атауын иеленген. Бүгінде бөтелкедегі суды шығаратын зауыт осы кәусәр бұлақтың дәл іргесінде орып тепкен.
Пікірлер