A+ A A-

talgatzhan 31 25-09-2025, 10:00 0

ШҚО-да цифрландыру мен байланыс жобалары бойынша аудит қорытындыланды

Бүгін / ШҚО

Тексеру комиссияның отырысында антенна-мачталық құрылыстарға, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыруға және табиғи монополиялар саласындағы цифрландыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Талдау барысында елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны атап көрсетілді. Мәселен, 2021–2024 жылдар аралығында «Ауылтелеком» ЖШС мен «Кар-Тел» ЖШС міндеттемелеріне сәйкес көзделген 54 ауылдың 25-і интернетке қосылған.

Сонымен қатар 2023–2024 жылдары 16 ауылды қамтуға арналған 18 антенна-мачталық нысанның үшеуі мобильді байланысқа қосылды. Ал 39 елді мекеннің төртеуі спутниктік арналар арқылы интернетпен қамтылды. Сонымен қатар 108 елді мекенді қамтитын сымды инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру  комиссиясы ұлттық жобаны іске асыру және оның мақсаттарына уақытылы қол жеткізу тиімділігін арттыру үшін  аудит объектілеріне ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылғанын атап өтті. Әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив