A+ A A-

talgatzhan 31 25-09-2025, 10:20 0

ШҚО-да кене шаққандар екі айдан бері иммуноглобулин салдырта алмай отыр

Бүгін / ШҚО / Өзекті мәселе

Облыста кене шаққан науқастарға салатын иммуноглобулин жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл мәселе жаз ортасынан бері өзекті

– Наурыз айында өңірге 23 850 мл кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткізілген. Алайда күннің ерте жылып кетуі мен кенеден зардап шеккендердің көбеюіне байланысты бұл көлем жеткіліксіз болып қалды. Осындай тапшылық тек бізде ғана емес, бүкіл ел бойынша байқалып отыр, – дейді басқарма басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова.

Денсаулық сақтау басқармасы препарат жеткізушіге ресми хат жолдаған.

– Ол жақтан қазір келісімшарт жасалып, қосымша екпелер сатып алынып жатыр деген жауап келді. Сондай-ақ бізде уақытша көрші өңірлерден қажетті мөлшерде препарат алу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Осы айдың соңына дейін мәселе шешімін табуы тиіс, – дейді Мадина Мырзабекова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив