A+ A A-

talgatzhan 30 25-09-2025, 10:30 0

ШҚО-да халық емшісінен шипа іздеген зейнеткер арбаға таңылды

Бүгін / ШҚО

Анықталғандай, емшіге жүгінген қария омыртқасына екпе салдыртып, сал болып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

65 жастағы адам ауыр жағдайда облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілген. 

– Науқас бізге түскенде есінде ауытқушылық пен менингиттің белгілері байқалды. Белгілі болғандай, ол шамамен 20 күн бойы дәстүрлі емес медицина өкілдерінен ем алып, омыртқасына екпе салдырған, – деп хабарлады медициналық орталықтан. 

Зерттеулер мен мамандардың кеңесінен кейін омыртқа остеомиелитінің асқынған түрі, ауыр екіншілік менингит диагнозы қойылды.

– Орталық мамандары интенсивті терапия жүргізіп, заманауи диагностикалық әдістерді қолданды. Нәтижесінде науқас есін жиып, қалпына келді. Алайда медициналық көмекке кеш жүгінгеннен кейін аяғы сал болып, жамбас ағзалары қызметінің бұзылуына әкеліп соқты, – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив