Аудандағы Васильев-Мамай батыр тасжолын орташа жөндеу жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 16,9 шақырымды қамтиды.
Соның арқасында жүргізушілер мен жолаушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалмақ. Жақсартылған жол инфрақұрылымы тұрғындар мен туристерге танымал демалыс аймақтарына қолайлы жетуді қамтамасыз етеді.
Пікірлер