A+ A A-

talgatzhan 28 25-09-2025, 11:50 0

Өскеменге 12 электробус әкелінеді

Бүгін / Өскемен

Қоғамдық көліктің бұл түрін жыл соңына дейін «Марат М» ЖШС сатып алады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Семейде 80 орындық электробустар шығарылады. Ол бір күн қуатталған соң -40 градус аязда да 400 шақырымға дейін жүре алады.

«Марат М» ЖШС басшысы Али Мусин электробустың жылы болатынын жеткізді. Ал жол ақысы басқа қоғамдық көліктермен бірдей болады.

Қоғамдық көліктің бұл түрі Қазақстанда әлі қолданылмады, Өскеменге алғашқы рет әкелінеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив