A+ A A-

talgatzhan 29 25-09-2025, 12:15 0

Өскемен қаласының әкімі қоқыс мәселесін шешуді тапсырды

Бүгін / Өскемен

Алмат Ақышов аппарат отырысын өткізіп, тоғыз айда атқарылған жұмыстың нәтижесін тыңдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда жылыту маусымына дайындық, білім беру мекемелерінің маңын жарықтандыру, әлеуметтік қорғау шаралары, қаланы абаттандыру жұмыстары туралы талқыланды.

Жауапты бөлімдерге 2026 жылға арналған қаланы абаттандыру және жол жөндеу жоспарын әзірлеу, қадағалауды күшейту, жөндеу жұмыстарының қарқынын жеделдету тапсырылды. 

Бұдан бөлек, Алмат Ақышов қала тұрғындарының шағымдарын да атап өтті.

- Қоқыс шығаратын компаниялардың жұмыс сапасы көңіл көншітпейді, халық тарапынан көптеген сын айтылады. Сондай-ақ тасымалдаушылар қызметіне, оның ішінде "Onay" жүйесі бойынша да шағым көп", - деді шаһар басшысы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив