A+ A A-

talgatzhan 30 25-09-2025, 14:55 0

ШҚО-да тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина сатып алынды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Слямғазина мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл облыста жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина сатып алынды. Оны жеткізу қыркүйектің ортасына, ал екпе егу 15 қыркүйекте басталады деп жоспарланған еді. Алайда вакцина алу 25-29 қыркүйекке шегерілді.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Жарлығына сәйкес жаңа эпидмаусым 1 қазан - 1 мамыр аралығында жалғасады. Дәрігерлердің болжамынша, өңірде A/H3N2, A/H1N1pdm09 және B (Victoria) тұмау вирустары таралуы мүмкін.

Дегенмен өңірде екпе егу науқаны үзілмейді. 

- Тұмау маусымы басталмас бұрын қауіп тобындағы азаматтарға (жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, интернат тәрбиеленушілері, қарттар және созылмалы сырқаты бар ересектер) екпе салынады. Бұдан бөлек, вакцинацияны ақылы түрде немесе жұмыс берушілердің есебінен де жасауға болады, - деді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Слямғазина.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив