A+ A A-

talgatzhan 1 25-09-2025, 13:30 0

Аманжолов университетінде есірткі тақырыбында көрнекі сот процесі өтті

Бүгін / Өскемен

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Есірткі құралдарын тұтынудың, сақтаудың және таратудың құқықтық салдары» тақырыбында көрнекі сот процесі өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» қағидасына сүйене отырып, жастардың құқықтық санасын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сот процесі шынайы қылмыстық іс моделіне негізделіп, айыптау, қорғау, дәлелдер мен шешім шығару кезеңдері студенттердің қатысуымен сахналанды. Жастарға заң талаптары мен оны бұзудың салдары туралы түсінік берілді.
– Мұндай шара есірткі тасымалдау, оны сақтау қандай зардаптарға әкелетінін көрсету үшін өткізіліп отыр. Заң мен тәртіпті әрқайсымыз қатаң сақтауымыз қажет. Бұл мәселе әсіресе, жастар арасында өзекті. Заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы қойылымдар сахналануда, – деді ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы Шәкәрім Құдайбергенұлы.
Айта кетейік, шараға прокуратура, сот, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив