Ресми ақпаратқа сүйенсек, өткен эпидмаусымда облыста респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 264 786 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 155 815 факті расталды.
Сондай-ақ тұмаудың зертханалық расталған 53 жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың ішінде 14 жасқа дейінгі 28 бала бар.
Осылайша, алдыңғы эпидмаусыммен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауырғандар саны 9 пайызға артып, тұмаумен сырқаттанушылық 3,5 есе төмендеді.
Бұдан бөлек, былтыр 25 адам COVID-19 жұқтырған, бұл өткен маусыммен салыстырғанда үш есе төмен.
Былтыр ЖРВИ және тұмаумен ауырғандардың ең көп саны Өскемен қаласы мен Глубокое, Алтай аудандарында тіркелді.
Мамандардың айтуынша, жаңа эпидмаусымда оқушылардың 25 пайыздан астамы бір мезгілде инфекция жұқтырса, карантинге жіберіліп, онлайн оқуға көшіріледі.
Пікірлер