A+ A A-

talgatzhan 30 25-09-2025, 17:40 0

Қазақстанда 10 мыңнан астам фармацевт бар

Бүгін / Республика

25 қыркүйекте бүкіл әлемде күн сайын миллиондаған адамдардың денсаулығын сақтауға көмектесетін мамандардың мерекесі — Дүниежүзілік фармацевт күні аталып өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Көптеген азамат үшін медицинаға алғашқы қадам тура дәріханадан басталады. Бұл жерде емделушілер дәрі-дәрмек сатып алып қана қоймай, оларды қолдану бойынша кеңестер, қауіпсіз емделу жөнінде нұсқаулар алады, сондай-ақ жылы ықылас пен қолдау сезінеді. 

Олар дәрілік заттарды өндіру, зерттеу және сапасын бақылауға қатысады, емделушілерге кеңес береді, емді таңдауға көмектеседі, препараттардың дұрыс сақталуы мен қауіпсіз пайдаланылуын қадағалайды, антибиотиктердің ұтымды қолданылуына атсалысады, тұрғылықты халықтың медициналық сауаттылығын арттырады және миллиондаған адамдар үшін сенімді байланыс нүктесіне айналады.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Қазақстанда 10,5 мыңнан астам дәріхана, дәріханалық бөлімше мен қоймалар жұмыс істейді, ал жыл сайын фармацевтикалық факультеттердің 450 жуық түлегі кәсіби қауымдастықты толықтырады.

Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық саланы жүйелі түрде дамытып келеді: цифрлық сервистер енгізіп жатыр, дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейіп келеді, сондай-ақ кадрларды даярлау мен қайта даярлауға қолдау көрсетіп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив