A+ A A-

talgatzhan 0 25-09-2025, 17:00 0

Өскемендік жастар ел дамуы мен экологияны талқылады

Бүгін / Өскемен

Қалада жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Іс-шараның басты мақсаты – Президент Жолдауында көтерілген өзекті міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау, олардың қоғамдық-саяси өмірге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ табиғатты қорғау мен экологиялық жауапкершілік сезімін нығайту. Кездесу барысында Жолдауда белгіленген басым бағыттар жан-жақты талқыланып, студенттер мен экобелсенділердің ұсыныстары тыңдалды. Қатысушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды азайту, табиғатты сақтау тақырыбында ой-пікірлерімен бөлісті. Жастар экологиялық бастамаларды жүзеге асырудың тиімді жолдары жөнінде өз көзқарастарын білдіріп, өңірде экологиялық жобаларды дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.
– Жастардың мұндай белсенділігі біз үшін өте құнды. Олар өз ұсыныстарын ашық жеткізіп, экологияны қорғау мен Жолдаудағы міндеттерді орындауға қатысты нақты пікірлер айтты. Бұл – ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі, – деді BAYTAQ партиясы ШҚО филиалының атқарушы хатшысы Алмаз Ажибекұлы.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізіп, жастарды табиғатты аялауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив