A+ A A-

talgatzhan 40 26-09-2025, 10:00 0

Қазақстанда үздік мұғалім 4 млн теңге алады

Бүгін / Республика

Биыл “Үздік педагог” республикалық байқауының іріктеу кезеңіне (аудандық) 1 468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады, деп хабарлайды Buqara.kz  тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің мәліметінше, дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алды.

Оның ішінде орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосыша білім беру ұйымдарының педагогтері бар. Өз ісінің шебері деп танылған бұл мамандар енді республикалық кезеңде “Үздік педагог” атағы үшін сайысқа түседі.

Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, жемісті жұмысымен, ерекше шеберлігімен көзге түскен ұстаздарды анықтау.

25 қыркүйек күні конкурстың республикалық кезеңі бастау алды. Республика күні қарсаңында еліміздің “Үздік педагогі” анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланбақ. Жүлдегерлерге “Үздік педагог” атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады, - делінген ведомство хабарламасында. 

Айта кетсек, 1 АЕК биыл 3 932 теңге. Демек 1000 АЕК 3 932 000 теңге болады.

Аталмыш байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам “Үздік педагог” атағының иегері бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында "Ұстаз – ұлт шамшырағы" онкүндігі өтіп, "Ұстазыңды құттықта!" республикалық челленджі басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив