Бұл туралы дәл қазір өтіп жатқан “Altai Invest - 2025” форумында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, соңғы жылдары елде көптеген өзгеріс болып, ірі жобаларды ашуға жаңа мүмкіндіктер туындады.
— Форумның қайта жаңғыруы – аймақтың диалогқа ашық, ынтымақтастыққа және жаңа инвестицияға дайын екендігінің белгісі. Біз сарапшыларды, кәсіпкерлерді және инвесторларды дамудың басымдықтарын анықтау, идеялармен алмасу және жаңа перспективаларға жол ашатын жобаларды талқылау үшін біріктірдік, - деді аймақ басшысы.
Белгілі болғандай, соңғы бес жылда Шығыс Қазақстанға 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биыл қосымша 1 трлн теңге тарту жоспарлануда.
Облыста жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар жүздеген жаңа жұмыс орнын ашып, өңірдің экономикалық негізін нығайтады деп күтілуде.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер