Самар ауданында «Нағыз патриот» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жастар ресурстық орталығының мамандары Лайлы су қоймасы маңындағы тастардың бетінен вандалдар қалдырған 35 жазудың бесеуін өшіріп, табиғи келбетін қалпына келтірді.
Бұл игі бастама Өскемен қаласының тұрғыны Вячеслав Орловтың еңбегін жалғастырды. Ол бұған дейін отбасы мүшелерімен бірге тастардың бір бөлігін өз күшімен тазалап, үлгі көрсеткен еді.
Акцияның мақсаты – ауданның табиғи әрі мәдени мұрасын қорғау, сондай-ақ жастар мен тұрғындарды табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
— Табиғи байлықтарымызды көздің қарашығындай сақтау – бәріміздің міндетіміз. Артымызда тек тазалық пен жағымды әсер қалдыруымыз қажет, — деді шараға қатысушылар.
Алдағы уақытта вандалдық жазуларды толықтай жою үшін тазалау жұмыстары жалғасын табады.
Айта кетерлігі, бұл бастама республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында челлендж түрінде жалғасын тапты.
Пікірлер