A+ A A-

talgatzhan 44 26-09-2025, 21:00 0

Шемонаиха ауданында облыстық семинар өтті

Бүгін / Шемонаиха

Бүгін Шемонаиха ауданындағы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Тілді оқыту процесінде жасанды интеллект, цифрлық технологияны пайдалану" атты облыстық семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді үйретуде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын талқылау, озық тәжірибемен бөлісу. Шараға өңірдегі тіл мамандары, оқытушылар, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында бірқатан мәселе қаралды: жасанды интеллект платформаларын  тіл үйретуде қолдану, цифрлық оқыту құралдары (QR тапсырмалар, онлайн тесттер, интерактивті жаттығулар), мұғалімдердің ІТ құзыреттілігін арттыру жолдары, электронды ресурстар мен мобильді қосымшалардың мүмкіндіктері.

Семинар соңында қатысушылар бірлескен талқылау жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив