A+ A A-

talgatzhan 47 26-09-2025, 20:00 0

Глубокое ауданы өнерпаздары Өскеменге келді

Бүгін / ШҚО / Глубокое

Өскеменде Глубокое ауданының шығармашылық ұжымы концерт өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бағдарлама Жидебай ауылындағы тұрғындардың ұйымдастырған көрмеден басталып, артынша Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған экспонаттар таныстырылды. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, қазақ халқының дәстүрлі әндері шырқалды.
Көрмеде Абай Құнанбайұлының балалық шағынан бастап, есейген кезеңіне дейінгі өмірінен сыр шертетін экспозициялар қойылды. Сондай-ақ Мәдениет үйі шеберлерінің, музыка өнері жеңімпаздарының және жергілікті суретшілердің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
– Жидебай ауылындағы көрмеде ұлы ақынның өмір жолына қатысты материалдар ұсынылды. Сонымен қатар ауданымыздың мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері де қамтылды, – деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мейрамғали Қадырбайұлы.
Кешке қатысқан аудан тұрғыны Айгерім Сәткенова шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
– Бүгінгі кеш өте әсерлі болды. Әртістер өнерін паш етіп, көрерменге рухани сый жасады. Біздің ауданымыз алдағы уақытта да жарқырап, жайнай береді деген сенімдемін, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив