A+ A A-

talgatzhan 50 29-09-2025, 09:15 0

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Осы аптада Тоқтылар өздері күтпеген бірнеше жаңалықтың куәсі болады. Жағымдысы мен жағымсызы қатар жүреді. Мұндайда мақсатшылдығыңыз қорғанысыңызға айналады, себебі құрған жоспарыңызды іске асыруда іскерлігіңіз жетекші болмақ. 
Торпақ
Сенбі, жексенбі күндері алыс сапарға шығып қайтыңыз. Жұмысбасты Торпақтар осы кезде қарбалас тірліктен қол үзіп, бір сәт отбасына көңіл бөледі. Дегенмен жолға шыққанда сақ болыңыз.
Егіздер
Кейбір Егіздердің отбасында түсініспеушіліктер болып, отағасы мен өмірлік серігі шындықтың түбіне бойлап бітпейді. Мұның бір себебі: баспана сатып алуға қаражат жетпеуі мүмкін. Мұндайда шешімді бір өзіңізге қабылдау қажет.
Шаян
Апта ортасында небір қызуқанды адамдармен жолыңыз түйісіп, түрлі пікірлер естисіз. Арасында өзіңіз таңдаған жолдың бұрыс екендігін айтатындар төбе көрсетеді. Абзалы, қандай сөз айтылса да бағытыңыздан танбаңыз.
Арыстан
Денсаулығыңыз сыр беріп, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Ал отағасымен арқа-жарқа болып шүйіркелескен сәт осының барлығын әп-сәтте жоққа шығаратындай. Табиғатынан пысық-ширақ Арыстандар құрған жоспарын осы бастан орындауға ұмтылады.
Бикеш
Күш-қуаты толысқан, құлшынысы зор Бикештерге қазір сәл тізгін тарта тұрған жөн. Себебі күтпеген жерден достарыңызбен сөзге келмей қалуыңыз мүмкін. Әліптің артын бағыңыз, айып сізден емес.
Таразы
Шындықтың шымылдығын ашып, ақиқаттың қақпасын қағатын уақыт емес қазір. Сізді  басқа да маңызды шаруалар күтіп тұр. Қашан да қолдауға әзір жандарды ренжітіп алмауға тырысыңыз.
Сарышаян
Қазан айының 2-не қарай ой пайымы әралуан адамдармен жолығасыз. Қызығы сол, барлығының да айтары сіздің сәтті қадамдарыңыз. Яғни көпшілік қарабалас жұмыс кезіндегі кәсіби шеберлігіңізге тәнті.
Мерген
Қойған мақсатыңызға жету үшін түрлі тәуекелдерге барасыз. Өміріңізде неғұрлым аз өзгеріс болған сайын құрған жоспарыңызды іске асыру мүмкіндігі де артады. Қарбалас тірліктермен жүріп денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз.
Тауешкі
Тауешкілердің кейбірі маңызды құжаттарға қол қоюда олқылыққа жол берулері ғажап емес. Шаңырақ көтеріп, маңызды қадам жасауға оқталғандар үшін мұндай кедергілер қазір мүлде қисынсыз. 
Суқұйғыш
Әл-қуат жинап, еңсеңізді тіктей түсесіз. Себебі ағзаңыз да дәруменге байып, тағамдық құндылығы мол ас нәтижесін береді. Оған қоса, қазір ауаға түрлі вирустар таралуы мүмкін, сақтық шараларын сақтағаныңыз жөн.
Балықтар
Болмашы нәрсе сүйіктіңізбен сөзге келмей қалуыңызға себепші. Ер жігіт ретінде сезім қылын өзіңіз бірінші жалғауға тырысыңыз. Себебі бұл кезеңде араларынан ала мысық өткен жұптардың тез арада тіл табысулары екіталай.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив