A+ A A-

talgatzhan 32 29-09-2025, 09:35 0

ШҚО-да «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды

Бүгін / ШҚО

29 қыркүйек-4 қазан аралығында өңірде жоспарлы «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл оқу-жаттығу жыл сайын өткізіліп, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен ықтимал қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын тексеруді көздейді.
Жаттығу барысында оқу дабылы бойынша күштерді көтеру, әскери және арнайы техниканың колонналарымен жүру, түрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру шаралары пысықталады.
Оқу-жаттығу кезінде әскери техниканың көшелерде жүруі және автокөлік қозғалысының уақытша шектелуі мүмкін. Бұл — жоспарланған шаралардың бөлігі.
Облыс тұрғындарын сабырлық сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Барлық іс-қимыл оқу-жаттығу аясында жүргізіледі, халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді.
Сонымен қатар азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау қажеттігі ескеріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив