Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Мәжіліс Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасына келісім берді.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды.
Пікірлер