Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мерзімі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
26 қыркүйекте шыққан бұйрық бойынша әлеуметтік нысандарға жылу беру 29 қыркүйекте кезең-кезеңімен басталады. Ең алдымен білім беру, денсаулық сақтау және басқа да ұйымдар жылуға қосылады. Ал көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру мерзімі қосымша хабарланады.
Пікірлер