A+ A A-

talgatzhan 36 29-09-2025, 14:00 0

Астықтың 777 мың тоннасы экспортталды

Бүгін / Республика

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдын ала мәліметтеріне сәйкес, биыл 1–25 қыркүйек аралығында астықтың жаңа өнімін тасымалдау көлемі 1 млн тонна, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты (878 мың тонна), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіKAZINFORMсайтына сілтеме жасап.

Жалпы тасымал көлемінің 258 мың тоннасы ішкі сұранысқа бағытталса (2024 жылы — 155 мың тонна), 777 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді (өткен жылы — 723 мың тонна).
Айта кету керек, көршілес елдерге астық жеткізу көлемі артып келеді: Мәселен, Өзбекстанға — 31%-ға (250 мың тоннадан 327 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға — 15%-ға (116 мың тоннадан 133 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 42%-ға (6 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін), Әзербайжанға — 2 есеге артып, 12 мың тоннаға дейін жеткізілді.
Бұл жоғары өнімділіктің, қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы тұрақты сұраныстың және оның ішінде теміржол көлігі қамтамасыз етіп отырған логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық сала өкілдерін қолдау, экспорттық бағыттарды кеңейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жалғастырып жатыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив