A+ A A-

talgatzhan 39 29-09-2025, 14:20 0

Өскеменде жылу қашан беріледі?

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігінің ақпаратынша, жуықта жылу беру маусымына байланысты жиын өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылу беру маусымын бастау туралы шешімді жергілікті билік сыртқы ауа температурасының тұрақты төмендеуіне байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйыммен бірлесіп қабылдайды. Дегенмен кейбір әлеуметтік нысандар, есептегіш құралдары орнатылған және дайындығы туралы сертификаттары бар ғимараттар ресми белгіленген мерзімнен бұрын жылу жүйесіне қосылуы мүмкін.

Ал ауа райы болжамына сүйенсек, осы аптада шаһарда күн суытып, жауын-шашын болуы мүмкін. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив