A+ A A-

talgatzhan 40 29-09-2025, 16:40 0

ШҚО-да жаңа прокурор тағайындалды

Бүгін / ШҚО

Мемлекет басшысының келісімімен Тимур Сүлейменов Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тимур Қайырбекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша аяқтаған.
Прокуратура саласындағы еңбек жолын 1997 жылы бастады. Әр жылдары Алматы қаласының аудандық прокуратураларында қызмет атқарды. Түрксіб ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Қостанай облысының прокуроры болып еңбек етті.
Сондай-ақ Тимур Сүлейменов - ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры.
Бұған дейін ол Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін атқарған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив