Бұл туралы ШҚО сотының баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, кәсіпорын жүргізушісі 2023 жылы жұмыс барысында қайтыс болған. Қайғылы оқиғаға жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі талаптарын толық бұзуы себеп болған.
Бұған дейін кәсіпорын мен марқұмның әйелі жесір 8 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу туралы келісімге келген еді. Алайда марқұмның жесірі мен апа-қарындастары балаларға төленетін ақының аз екенін алға тартып, қосымша өтемақы талап етті.
Кәсіпорын өкілі шағымды ішінара мойындап, тіпті әр апа-қарындасына 500 000 теңге төлеуге келіскен.
Қайғылы оқиғаның кенеттен болғанын, асыраушысынан айырылуын және отбасына тигізген зардаптарын ескере отырып, сот келесідей өтемақы өндіруді тағайындады:
Марқұмның үш баласының әрқайсысына 3 млн теңгеден;
Әпкелерінің әрқайсысына 1 млн.
Кәсіпорын өкілдері бұл шешіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсіргенімен, шешім өзгермеді..
Қаулы заңды күшіне енді.
Пікірлер