A+ A A-

talgatzhan 31 30-09-2025, 10:50 0

Өскеменде жылу тарифтері төмендейді

Бүгін / Өскемен

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес 1 казаннан бастап 31 қаңтарға дейін жылу энергиясы үшін жаңа тарифтер (ҚҚС-сыз) бектілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халық үшін - 4488,51 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 3 833,46 теңге/Гкал, ЖҮЕА болмағанда - 5386,22 теңге/Гкал;

Бюджеттік ұйымдар үшін - 27 297,34 теңге/Гкал, оның ішінде ЖҮЕА бар болса - 26 755,60 теңге / Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 40 946,01 теңге/Гкал;

Басқа тұтынушылар үшін - 13 366,62 теңге/Гкал, оның ішінде ЖҮЕА бар болса - 12 892,56 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 17 376,61 теңге/Гкал.

«Халық» тұтынушылар тобы үшін жалпы ауданның мөлшерін ескере отырып, мынадай тарифтер бекітілді:

1 кіші топ - жылытылатын ауданы 100 м2 кем жеке тұлғалар.

ЖҮЕА жоқ тариф теңге / Гкал ҚҚС-сыз

Ескі / апатты үйлер тарифі, теңге / Гкал ҚҚС-сыз

100м2 дейін.

5 386,22

4 488,51

2 кіші топ-жылытылатын ауданы 100 м2 астам және 200 м2 кем жеке тұлғалар

ЖҮЕА жоқ тариф теңге / Гкал ҚҚС-сыз

Ескі / апатты үйлер тарифі, теңге / Гкал ҚҚС-сыз

Жалпы алаңнан 100м2

5 386,22

4 488,51

100 м2 астам

5 924,84

4 937,36

3 кіші топ - жылытылатын ауданы 200 м2 астам жеке тұлғалар.

ЖҮЕА жоқ тариф теңге / Гкал ҚҚС-сыз

Ескі / апатты үйлер тарифі, теңге / Гкал ҚҚС-сыз

Жалпы алаңнан 100м2

5 386,22

4 488,51

Жалпы ауданнан келесі 100 м2

5 924,84

4 937,36

200 м2 астам

7 925,74

7 925,74

ЖҮЕА жоқ жеке тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС – пен төлемақы мөлшері-1 109,99тг/адам/ай, ЖҮЕА бар жеке тұлғалар үшін – 424,09 тг/м3.

Ескірген үйлерде тұратын және ЖҮЕА жоқ тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС – пен төлемақы мөлшері – 925, 00 тг/адам/ай, ЖҮЕА бар тұтынушылар үшін-353,40 тг/м3.

Егер ЖҮЕА бар болса, әр есеп айырысу кезеңінде және әр үй үшін ыстық сумен жабдықтау және жылыту қызметтерінің құны әр түрлі болады және ол ЖҮЕА-ның нақты көрсеткіштеріне байланысты болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив