A+ A A-

talgatzhan 30 30-09-2025, 11:20 0

Өскеменде “Еңбек адамы – 2025” байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында “Еңбек адамы – 2025” республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Аталған байқау Қазақстан Халық партиясының бастамасымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты — еңбекті қоғамдағы жоғары құндылық ретінде дәріптеу және еңбек адамына деген құрмет мәдениетін қалыптастыру.
– Бұл байқау елдің барлық өңірінде өтті. Ол жұмысшы мамандық иелерінің беделін арттырып, қоғамда кеңінен насихаттауды көздейді. Жұмысшыларға құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы, – деді ұйымдастырушылардың бірі Ләйлә Төлеубекова.
Салтанатты жиынға Өскемен қалалық мәслихаты VIII шақырылымының төрағасы Александр Светаш арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
– Жұмысшы мамандықтары қоғам үшін аса маңызды. Олардың еңбегін бағалап, назардан тыс қалдырмау – біздің ортақ міндетіміз. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын, – деді ол өз сөзінде.

Мерекелік шарада түрлі номинациялар бойынша үздік деп танылған жұмысшы мамандық иелеріне арнайы медальдар мен алғыс хаттар табысталды.
Бұдан бөлек, жергілікті өнерпаздар ән шырқап, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жиын соңында жеңімпаздар мен қонақтар естелік суретке түсті. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив