Оралхан Бөкей кітапханасында қарттарға арналған жаңа жоба ұсынылды
Халықаралық Қарттар күніне орай Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Кітапхана – егде жастағы адамдарды зияткерлік дамыту орталығы» атты жаңа жоба таныстырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Шараның басты мақсаты – заманауи технологиялардың күнделікті өмірге енуіне байланысты зейнеткерлерді жаңа жаңашылдықтарға бейімдеу, технологияны әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануды үйрету арқылы олардың жан-жақты дамуына ықпал ету.
– Сондай-ақ ортақ білім мен мүдде арқылы орта буын мен жас ұрпақ сабақтастығын жалғастыру көзделген. Жоба аясында жасамыс жандар үшін «Менің смартфоным» үйірмесі, «Жасанды интеллектіні пайдалану» дәрістері, қазақ, түрік, ағылшын және француз тілдерін үйрету курстары тұрақты түрде өткізілмек. Сонымен қатар «Паперкрафт» клубында қатырма қағаздан 3D бейнелер жасау арқылы ой-өрістерін дамытып, қолөнерге бейімділіктерін шыңдайды, – дейді ұйымдастырушылар.
«Көңілді кештер» форматындағы кездесулерде түрлі тақырыптарда сұхбат жүргізіп, оқыған кітаптарын талқылап, рухани демалуға мүмкіндік алады. Шара барысында қатысушылар заманауи гаджеттерді, ноутбук пен компьютерді, интернет желісін тиімді пайдалануды үйренеді. Олардың ішінде электрондық үкімет порталы арқылы қажетті қызметтерді алу, дәрігерге жазылу, дәрі-дәрмекке тапсырыс беру, театр, концерт, пойыз және ұшақ билеттерін рәсімдеу, коммуналдық қызмет ақысын төлеу, әлеуметтік желілерде байланыс жасау, бейне және фото өңдеу секілді тәжірибелік дағдылар бар.
- Жасанды интеллектті қолдану арқылы өлең, көркем мәтін жазу, ән шығару, сурет салу, ашық хат әзірлеу және өзге де шығармашылық жұмыстармен айналысуға жағдай жасалады. Ол кез келген тақырыпта әңгімелесіп, сан алуан сұрақтарға жауап беріп, үйде отырған қарт адамның серігіне айнала алады, – деді Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Айгүл Қанапияқызы.
Айта кетейік, зейнеткерлерге арналған бұл технологиялық сабақтарды кітапхана мамандары мен студент-еріктілер жүргізеді.
Бөкей кітапханасында қарттарға арналған жаңа жоба ұсынылды

Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер