A+ A A-

talgatzhan 30 30-09-2025, 12:30 0

Таза Қазақстан: ШҚТУ-да табиғатқа ұқыпты қарау туралы ашық диалог өтті

Бүгін / Өскемен

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттердің экологиялық қозғалыс өкілдерімен жүздесуі өтті. Жиын жас ұрпақтың табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау ісіне деген ықыласын бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шарада спикер ретінде экологиялық волонтер Людмила Евженкова мен арт-директор Анастасия Черномаз жастарға ой саларлық мағлұматтар ұсынды.

Людмила Евженкова табиғатты қорғауға бағытталған жобалар туралы кеңінен тоқталып, экологиялық волонтерліктің қыр-сырымен бөлісті. Ол қоқысты сұрыптап жинаудың, «жасыл» бастамаларға белсене араласудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар қоршаған ортаға келер зиянды азайтуға бағытталған заманауи тәсілдерге тоқталды.

Анастасия Черномаз өнер мен шығармашылықтың экологиялық құндылықтарды дәріптеудегі қуатты құралға айнала алатынын көрсетті. Ол жаңа ой қалыптастыратын, қоғамға серпін беретін арт-жобалардың мысалдарын келтіріп, жастарды ізгі бастамаларға жігерлендірді.

Бұл жүздесу нағыз диалог алаңына айналып, студенттер пайдалы кеңестер тыңдап қана қоймай, көкейде жүрген сауалдарын ортаға салды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі экологиялық жобаларға қатысу мүмкіндіктерімен танысып, табиғатты аялаудың ортақ іс екеніне көз жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив