A+ A A-

talgatzhan 36 1-10-2025, 09:00 0

Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

1 қазанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында түнде -2...-3°С-қа дейін үсік жүреді. Жамбыл, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Алматы, Түркістан, Қостанай, Павлодар және өзге де өңірлерде жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда 1 қазанда қатты жаңбыр жауады. Қонаевта жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда ауа температурасы +8...+10°С-қа дейін төмендейді. Шымкентте найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив