Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
24-минутта алматылықтардың 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза өз айып алаңында қателікке жол беріп, аргентиналық жартылай қорғаушы Франко Мастантуоноға қарсы ереже бұзды. Осы сәттен кейін кездесудің бас төрешісі, италиялық Марко Гуида пенальти белгіледі. Оны француз шабуылшысы Килиан Мбаппе мүлтіксіз орындады.
52-минутта қонақтар жылдам қарсы шабуылға шығып, оны "корольдік клубтың" шабуылшысы Килиан Мбаппе сәтті аяқтап, есепті 2:0-ге жеткізді.
74-минутта тағы да жылдам шабуыл ұйымдастырылып, түрік жартылай қорғаушысы Арда Гүлердің пасын Мбаппе бірден қақпаға бағыттап, Шерхан Қалмұрзаның қақпасын дәл көздеді.
83-минутта бразилиялық вингер Родриго Гоэс сол қапталдан пас шығарды, ал француз шабуылшысы мүмкіндік жібермей, "сары-қаралардың" қақпасына гол соқты. Бұл гол "Реалдың" төртінші голы болды.
Ал 90+3 минутта Браим Диас есепті 0:5-ке жеткізді. Осылайша алматылық клуб 0:5 есебімен испаниялықтардан жеңіліс тапты.
Пікірлер