A+ A A-

talgatzhan 0 1-10-2025, 09:30 0

Өскеменде Белинский көшесіндегі ХҚКО кезекші кесте бойынша жұмыс істейді

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалының өкілдерімәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

1 қазаннан бастап Белинский, 37а мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды кезекші кесте бойынша қабылдайды. Бұған дейін кезекші орталық Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайы бойынша орналасқан еді.
Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күндері 08:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал мамандандырылған ХҚКО Самар тасжолы, 23/1 мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Дайын құжаттарды беру сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні азаматтарды қабылдау сағат 08:00-ден 11:00-ге дейін, құжаттарды беру 12:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив