A+ A A-

talgatzhan 39 Кеше, 11:45 0

Өскеменде арнайы салық режимінің мөлшерлемесі төмендеді

Бүгін / Өскемен

Қала әкімі Алмат Ақышов, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен өткен отырыста маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, келесі жылдан бастап шағын бизнес үшін арнайы салық режимінің мөлшері 4%-дан 2%-ға дейін төмендейді.
- Бұл — кәсіпкерлер қоғамдастығы мен мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған белсенді диалогының нәтижесі, - делінген ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің ақпаратында. 
Шаһар басшысы Алмат Ақышов атап өткендей, бөлшек салық мөлшерлемесінің бұған дейін төмендеуі түсімдердің өсуіне және салық төлеушілердің ұлғаюына әкелді.
- Арнайы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету — шағын бизнес үшін елеулі қолдау. Өсіп келе жатқан бәсекелестік пен экономикалық сын-қатерлер жағдайында бұл шара кәсіпкерлерге өздерін сенімді сезінуге, бизнесті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив