A+ A A-

talgatzhan 40 Кеше, 11:30 0

Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар тізіміне тағы 11 түрі енгізілмек

Бүгін / Республика

Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар тізімінен 21 түрі шығарылады. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Республика аумағында 835 омыртқалы жануар түрі мекендейді, оның ішінде сүтқоректілер – 178, құстар – 489, бауырымен жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, балықтар – 104. Қазақстандағы сирек және жойылып кету қаупі төнген жануарлар тізіміне 227 түрі енгізілген, оның ішінде 132 омыртқалы және 96 омыртқасыз жануар түрі бар, - деді Н. Шәрбиев.
Оның айтуынша, жойылып кету қаупі бар аңдардың тізімін жаңарту жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл тұрғыда қауіптің азаюына байланысты омыртқасыздар санатындағы 21 түрі тізімнен шығарылмақ. Сондай-ақ омыртқасыздардың 6 (шаянның 3 түрі мен жәндіктердің 3 түрі) түрін және омыртқалы 5 (құстың 2 түрі мен кесірткенің 2 түрі және сүтқоректінің 1 түрі) түрін тізімге қосу ұсынылып отыр.
 - Бұл жануар түрлерін сақтау министрліктің басым бағыты саналады. Еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында жүргізілген шаралардың арқасында тоғай бұғысы, құлан, арқар, қарақұйрық сияқты сирек кездесетін түрлердің популяциясы артты, - деді вице-министр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив