A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:30 0

Мемлекет басшысы ЖИ-ге маманданған жаңа зерттеу университетін ашуды тапсырды

Бүгін / Республика

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллект саласына маманданған жаңа зерттеу университетін құруға тапсырма берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

- Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн. Сондай-ақ, бұл жұмысқа әлемнің үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруге тиіс. Осындай жаңа оқу орны бізге не үшін қажет деген сауал да туындауы мүмкін. Басты мақсат – экономиканың барлық саласына ЖИ технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау. Зерттеу университеті білім ғылым, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек, – деді Президент.

Айта кетейік, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес Президент Жарлығымен құрылған және ол – елдегі ЖИ дамытудың стратегиясын қалыптастыратын, технологияларды экономиканың негізгі салалары мен мемлекеттік басқаруға енгізуді сүйемелдейтін, сондай-ақ салалық бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарға ұсыныстар әзірлейтін кеңесші-консультативтік орган.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив