Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жыл басынан бері өңірдегі жеке тұрғын үй секторында 427 өрт тіркелді. Оның 150-і электр құрал-жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болды.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, өрттің негізгі себептеріне бір мезетте бірнеше өткізгіш пен ұзартқышты қосу, электр құралдарын қараусыз қосулы қалдыру, тұрмыста ұшқын шығаратын розеткаларды пайдалану, бір розеткаға бірнеше құралды қосу, электр құралдарын жанғыш заттардың қасына орналастыру, тозған және өрт қаупі жоғары жағдайда тұрған электр сымдарын пайдалану жатады.
Осы ретте азаматтардан кез келген электр құралын қолданбас бұрын нұсқаулықты мұқият оқу, құралдың пайдалану уақытына және рұқсат етілген шамасына назар аудару, үйден шығарда электр құралдарын ажырату сұралады.
Төтенше жағдайда101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер