1 қарашадан бастап қала тұрғындары әр ай сайын адам басына 803 теңгеден төлейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл сомаға қоқысты жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтері кіреді.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазір баланста тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын 96 нүкте бар.
Биыл бюджет есебінен бірнеше аулада 12 жаңа қоқыс алаңы жабдықталды. Келесі жылы тағы 15 алаң салу, ескілерін асфальттап, ретке келтіру жоспарлануда.
Қоқыс шығарумен айналысатын «Эталон» фирмасы 52 жаңа контейнер мен екі қоқыс таситын көлік сатып алды. Соның бірі қазан айында жеткізілсе, екіншісі жаңа жылға дейін іске қосылмақ.
Ал жаңа тарифке қатысты тұрғындардың пікірі әртүрлі. Кейбірі тарифтің 300 теңгеге өсуіне қарсы болса, енді бірі бұл шешімді қолдайды. Олар қызмет көрсетуші компаниядан қарызын төлемейтіндермен жұмысты күшейтуді талап етіп отыр, себебі уақытылы төлейтін тұрғындар зардап шекпеуі керек дейді.
Пікірлер