Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінің тұрғыны, кәсіпкер Амантай Танкаев «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында ісін дөңгелетіп, жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие өнім шығарып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол өзінің отбасылық шаруашылығын дамытуға және ет өнімдерін қайта өңдеу ісін жолға қоюға ниеттеніп, «AMANAT» партиясының аудандық филиалына, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгінген еді. Қолдау тапқан жоба жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылып, кәсіпкер заманауи құрал-жабдық сатып алуға мүмкіндік алды.
Бүгінде ол жұбайымен бірге қақталған және вакуумдалған қазы, жая, шұжық түрлері мен бөлінген дайын өнімдерді шығаруда.
- Өнім сапасы жоғары бағаланып, жергілікті тұрғындар арасында сенімге ие болды. «AMANAT» партиясының қолдауы мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы болмаса, мұндай жобаны іске асыру әлдеқайда қиын болар еді. Қазіргі таңда өндірісті кеңейту жоспарын қолға алып отырмыз. Жұрт біздің өнімнің өз шаруашылығымыздан шыққан табиғи әрі таза тағам екендігін біледі. Сондықтан сұраныс күн санап артып келеді, - дейді «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Амантай Танкаев.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғындардың табысын арттыруға және өңірлік экономиканы нығайтуға бағытталған тиімді бастама екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Пікірлер