A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:00 0

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМҚ 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон ойпырының ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болжанады, 2–3 қазан күндері республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.
Батыс аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 2–13 дейін жылынса, күндіз 20–25 жылынады. 
Республиканың солтүстік-батысында түнде 1–9 аяз, күндіз  5–20-дан 10–23 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.
Солтүстік аймақтарда түнде 7 градус аяздан 3 градусқа дейін төмендесе, күндіз негізінен 3–13 жылы болуы ықтимал.
Орталықта түнде 8 градус аяздан 2 градусқа дейін төмендесе, күндіз негізінен 5–18 жылы болады.
Оңтүстік аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 2–10 жылы, күндіз 15–25 жылы. Қалған аумақтарда температуралық фонға елеулі өзгерістер әсер етуі мүмкін. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив